Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  66


Автор: Ғафу Қайырбеков

ИОРДАН ЖАҒАСЫНДА

Қасиетті бұл жаға қадірлі Иордан аққан жер,
Арапқа түсті ол жаға, шұбырып керуен тартқан жер.
Синайда жатыр ол, əне, өзге бір дінді үгіттеп,
О, тəңірім, көр соны, қастеріңді тігіп кет!
Қасиетті бұл жерде, ұлы тəңірім, ас құлақ!
Кетті сені ұмытып, өңшең мұнар бас құрап,
Талқандауға соларды, тоздыруға тобынан,
Келмей қойдың халқыңа өзіңді ұстап табынған.
Нажағай көзің жарқылдап, айбынды даусың саңқылдап,
Израильдың үйіне оралар қашан, шіркін, бақ?
Өзіңнің асыл заңыңды, храмның сəнін қойды ұрлап,
Дүниенің мына сұмдары қашанғы бізді қор қылмақ?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу