Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  118


Автор: Марфуға Айтқожина

КЕҢ ДАЛАНЫҢ КӨКБӨРІСІ

Ешкімнің де жүрмейтін өктем ісі,
Кең даланың өзіңсің,
Көкбөрісі!
Елші де өзің, еліңді қорғап жүрген,
Тəңірімнің қолдасын көкте күші!
Жұртыңа аян, сертіңе беріктігің,
Сенатқа да сайлады,
Сеніп бүгін.
Нұрын құйып жаныңа, көрікті күн,
Заманымды жаңғыртты, ерікті үнің!
Қайда барсаң, биіктен көрінді өрең,
Үлгі санар өзіңді, кейінгі өрен.
Аруларға жинасаң қырдың гүлін,
Өзің арнап өзектен –
Өрілді өлең!
Қиырларға асатын, қиялы – шың,
Білімді де,
Білікті, зиялысың!
Аса берсін мерейің,
Аса берсің,
Қыранға тəн қасиет ұзап ұшу.
Атаң жаудан қайтпаған – Батыр қазақ,
Ерлер салған даңғыл жол жатыр ғажап!
Тəуелсіз туған елдің иесі өзің,
Жұлдыздай,
Жанып тұрған басыңда бақ.
Жарқырап жана берсін, жанған үміт,
Көңілге атқан арай таңдар ұйып.
Еліңнің ерліктерін қос қанат қып,
Бауырым,
Ел көгінде самға биік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу