Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  86


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖЫР – ЖҮРЕК

Əн-жырымен тербеп қазақ даласын,
Тұрған жоқ па, сол далада –
Дара шың!
Жыр үлесің жетсе де жер жүзіне,
Жаза алмапсыз,
Жыр – жүректің жарасын...
Тауып тұрған шың-құздармен жарасым,
Мықтылыққа сонша қайран қаласың!
Қазағымның Абайына, мына əлем,
Қызығып та,
Қызғанып та қарасын!
Қасіретінен – тебіренген қара түн,
Қара бұлттан нөсердейін жауатын –
Қарауылдың –
Қоңыр ұлы біздерге,
Қалай ғана талмай жетті қанатың?!.
Сезімнің шек келтірмес, ғашықтың,
Дүние-жалған,
Нұр құшағын ашып тұр.
Көлдер кешіп,
Талай таулар, асып шың,
Мен де осынау мерей тойға асықтым,
Жырдан шашу қалайын деп,
Шашып бір...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу