Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  130


Автор: Марфуға Айтқожина

БИІКТІК

(Ғұлама Мұрат Жұрынұлына)
Ойың да, жүрегің де тұнық тіптен,
Өзіңнен халық үлкен үміт күткен.
Алғызбас асулардан талай асып,
Өмірге қарап тұрсыз биіктікпен!..
Көремін зор кісілік кескініңнен,
Ғұлама, шын азамат,
Десті, білген...
Жандардың жақсылық пен,
Жамандығын,
Өкінеміз көбіне,
Кеш білуден...
Жамандықтан дүние шайқалардай,
Жақсылықтың қарымын қайтара алмай –
Өтеді екен, бұл адам дүниеден,
Айтам деген алғысын айта да алмай!..
Ойлар қанша, жүрекке шоғырланған,
Не күтер,
Адам сонша тобыр жаннан?..
Арнасына ақылы сай келетін,
Басқаларға өзіңдей болу да арман...
Бəрі шындық, емес бұл мадақтаған,
Ойлар кешпей, бірде-бір таң атпаған...
Ұрпақтарын биікте баулитұғын
Өзіңсің, жерде жүрген қанатты адам!..
Өрендер,
Өссін дəйім,
Қарап саған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу