Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  113


Автор: Марфуға Айтқожина

КӨКІРЕГІМДЕ ТОЛҚЫНДАП...

Толқындары жағаға жатқан ұрып,
Арайланды ақ арман,
Аппақ үміт.
Арайланған ақ арман, үміт барда,
Жыр жазады, ақындар,
Ақтарылып!
Ыстыққа да көндіккен салқынға да,
Əзірлепті күндерім,
Тарту жаңа.
Сол еді ғой, жаныма сүйеу болған,
Бергелі қашан,
Əділ, халқым баға.
Өрісім кең өзіңмен, өрем биік,
Қалықтаймын,
Қанатқа өлеңді іліп!
Өтсе екен деп тілеймін күндерімді,
Сырыңды да,
Нұрыңды терең құйып.
Жадыраса ерекше, аспанда, ай-күн,
Мүмкін емес болуы,
Басқадай мұң.
Туған елдің сарқылмас махаббаты,
Көкірегімде толқындап
Жатқан айдын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу