Өлеңдер ✍️

  28.06.2022
  72


Автор: Марфуға Айтқожина

ЗАМАН – АҒЫН

Көктем ару, құлпырып, келсе гүлдеп,
Биіктейді көңіл де,
Еңселі көк.
Алып келді бұл көктем жырға шабыт,
Бұл бақыттың ақынға өлшемі жоқ!
Болғанымен күндерім жапалы да,
Бас имедім ешкімнің атағына.
Келе бермес басына көрінгеннің,
Шуақ күннің –
Шомылдым,
Шапағына!..
Жүргеннен соң жұртыма болып сыйлы,
Сиқыр күштен жүрегім толықсиды.
Осы емес пе, ақынға
Атақ деген,
Мен халқымды,
Ал, мені халық сүйді!..
Шалқыса да сан қилы заман – ағын,
Жүрегімді жаңғырттым,
Жаңаладым.
Маған деген халқымның
Махаббатын,
Бəрінен де Биік деп,
Бағаладым!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу