Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  86


Автор: Марфуға Айтқожина

ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗЫ

(Қазақ Республикасының Халық артисі –
Сара Тыныштығұлова)
Келіпті Алматыға көктем бүгін,
Бұл көктем,
Арулардың өпкен жүзін.
Сара əнші, төгілдіріп əн салады,
Жұрт аңсап жүргені анық көптен қызын!
Толтырар қуанышқа жанарыңды,
Қазақта арулар бар,
Талай үлгі.
Күмбірлі үніменен бір жаңғыртты,
Жамбылдың атындағы сарайымды!
Əн құшқан жастығыңның нұрлы кезін,
Эстраданың сен жарық –
Жұлдызы едің!
Атағын туған елдің аспандатып,
Желбіреп жалаудайын,
Жүрдің өзің.
Тербеліп Жетісудың құндағында,
Алматы сайрандадың гүл бағында.
Тағдырың, өнер сенің –
Таңдағаның,
Жаныңды бөлеп жүрген,
Жырға, нұрға!
Жасқанып қиындықтан шегіндің бе,
«Егіліп, елің үшін,
Төгілдің де!..»
Əлемнің сан қиырын əнмен тербеп,
Құс болып шарықтадың,
Көгін күнде!
Өнерге шын беріліп сезіміңмен,
Шырқадың, халық үні,
Өз үніңмен!
Сахнаға сағындырып қайта оралды,
Қазақтың Сара əншісі,
Көзі күлген!..
Қанша арман тарқатылып өзектегі,
Аруын, жаңа ғасыр,
Өбектеді.
Өнер сүйген,
Өнерлі ұл-қыз сүйген,
Ел-жұртың, отыр бүгін демеп сені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу