Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  107


Автор: Марфуға Айтқожина

НАУРЫЗ!

Келдің бе,
Наурызым, аңсаттырған,
Жамырап жапырақтар, əн сап қырдан.
Келдің бе, жанарыңнан
Жыр жаудырып,
Жұлдыздар төксін нұрын, самсап тұрған!
Наурызды қастерлейміз Жыл басы деп,
Түлетер сай-саланы, жылғасы көп.
Халқыма наурыздың айтары мол,
Күйіне көңіл қойып,
Тыңдашы тек!
Қалғанбыз, көп замандар көзді жазып,
Бастасын өмірлі əнін,
Енді нəзік!
Құстардың бəрі-дағы шетке кеткен,
Бауырын жылы жақтан келді жазып.
Наурыз келді бізге сəніменен,
Бүгінгі шырқататын əні де ерен!
Наурыздың ақ таңында тілейтінім,
Көктемдей көп жаңғырсын,
Жаның өрен!..
Көктемнің сезіміне беріліп бір,
Жоталар жонданады,
Керіліп қыр!
Қаулаған қырлардағы қызғалдақтай,
Наурыздың айтар сыры өріліп тұр.
Бұл күні тілейтұғын тілек жақсы,
Шырағын жарқырата жүрек жақты.
Үйінде бар қазақтың жақсылық боп,
Шыңдарым,
Жаңалықтан түлеп жатсын!
Тойлаймыз бəріміз бұл мерекені,
Ырысқа толсын елдің төр-етегі!
Төрт көзі түгел болып қазағымның,
Болса екен,
Тату-тəтті, берекелі!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу