Эсселер ✍️

  20.06.2022
  149


Автор: Камал Әлпейісова

«АБАЙ» – ТЕАТРДЫҢ КӘМЕЛЕТТІК ҚОЙЫЛЫМЫ

 


Театр маусымы жабыларда шығармашылық ұжым өзінің жыл бойғы қойылымдарының ішінен көрермен ең көп жиналған қойылымды, не бәсекелі байқауларда озып шыққан спектакльды, не ұзақ уақыттан бері театр маусымы басталарда және аяқталарда көрсетіліп келе жатқан туындыны қоятынына көрермен үйренген. Бұл ретте астаналық те-


 


атр жаңа бір дәстүрге жол ашқан сыңайлы. Мұнда Астана мерекесі қарсаңында, шілденің 3-4-күндері, М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы бойынша қойылған спектакльдің премьерасы болып өтті.


Өз театрлық маусымын басқа театрлардан кештеу аяқтаған елор- далық өнер шаңырағының бұл жаңалығы көпшілікті қауымды елең еткізгенірас. Спектакльбасталарданбұрынсахнаға Г.Әспетова, А.Омар, Л.Бекназар, тағы басқа сахна майталмандарымен бірге көтерілген театр директоры Е.Жуасбек маусым бойы халықты өнерлерімен сусындатқан әріптестеріне жиналған жұрт алдында ризашылығын білдіре тұрып, көрерменге арнаған сөзінде бүгінгі премьерамен театр маусымы жабылып, күзде театрдың маусымы осы «Абай» трагедия- сымен ашылатынын атап айтты. Залда жиналғандардың қошеметтеп қол соғуын Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма те- атрында маусымның ашылуы мен жабылуында өзіндік дәстүрдің қалыптасатынын құптағаны деп ұқтық.


Биыл Астананың сонау Ақмола кезінде белгілі өнер қайраткері, ұлтжанды азамат Жақып Омаровтың жігер-күшінің арқасында құрылған Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына 18 жыл толады екен. Адам ғұмырымен есептесек, 18 – кәмелетке толу жасы. Азаматтың өміріндегі маңызды қадамдар кәмелетке толу жасы- нан бастау алады: осы жастан бастап азаматтың құқықтық қабілеттілігі танылады, ер жігітке Отан шебін қорғау сенімі артылып, отбасын құруына жол беріледі. Яғни, бұл – әр қадам ақыл таразысына салынып жасалатын, әр іс үшін жеке дара жауапкершілік мойынға алынатын жас. Он сегіз жасында әркімнің-ақ есейіп, ер жеткенін білдіретін үлкен істі қолға алатыны сондықтан болар. Астаналық театр сахналап отырған


«Абай» трагедиясы да оның кәмелетке толғанын білдіретін маңызды қадам екені даусыз. Бізге спектакльдің екінші күнгі қойылымын тама- шалау сәті түсті.


Режиссер Ә.Оразбеков талай театрларда сахналанған ұлы туындыға өзіндік жаңашылдығымен келіпті: көріністер сахна сыртында тұрған Аға Абайдың (ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов) өткен өміріне қайрыла қарап, барлық оқиғаларды қайта бастан өткізгендей күй кешуі арқылы беріледі. Сахнадағы өмір, онда өтіп жатқан қым-қуыт оқиғалар мен оларға байланысты Аға Абайдың аузынан шыққан толғанысты ойы сәтті өріліп, көрерменнің сол дәуір тынысын тереңірек сезінуге, белгілі бір өлеңдердің жазылу тарихын түсінуіне жәрдемдеседі. Ал билер сотында, Айдардың өмірі бәйгеге тігіліп тұрған сәтте, сенім артқан сүйікті шәкірті Керімнің үнсіз қалуынан (сатқындығынан десе де болады) шошынған Абай-Нүркеннің жан дүниесіндегі азапты сах-


 


на сыртындағы Абай-Тілектес шиыршық атып, жан ұшырған қимыл арқылы қалай шынайы бейнеленген!


Спектакльдің өн бойында көрермен мұндай сәтті көріністерді әлденеше рет тұшына тамашалай отырып, дана Абай мен жас Абай об- раздарын сомдаған талантты актерлер тандемінің өнеріне риза бола- ды. Т.Мейрамовтың диапозоны кең, адам жанының иірімдеріне терең бойлай алатын талант иесі екені дәлелдеуді қажет етпейтін жайт. Ол сахнаға шығарған кейіпкерлер кез келген спектакльдің сәнін келтіріп, ол ойнаған рөлдер өзіндік ерекшелігімен дараланатындығын сонау студенттік шағымызда түсінгендей едік. Тілектес Мейрамов спек- такльде Қозы Көрпеш болып, кейінірек Шыңғыс хан, Жәңгір хан, Еділ патша болып ойнайтын күндерін сұрастырып жүріп, арнап баратын сүйікті актеріміздің шеберлігі тағы да тәнті етті.


Қойылымның декорациясы – оның мазмұнын ашудың аса маңызды құралы. Актердің ойыны мен декорация ұштасқан жерде қойылым ұтады. Бір қызығы, «Абай» спектаклінде декорация атымен жоқ деуге болады. Бірақ, оқиға динамикасы, актерлердің шебер ойыны сахнаның безендірілмегенін білдірмейді. Қойылымның басынан аяғына дейін көрермен көзіне көрінетін екі-ақ зат бар: алғашқы көріністе жас Абайдың қолымен көкке көтерілетін шар және оқиғаның өрбуіне, шиеленісуіне қарай біресе екеу боп, біресе төртеу боп шыға келетін құрықтар.


Сырт қараған адамға қарапайым ғана зат сияқты көрінгенімен, спектакльде бұлар арқылы терең философиялық мән астарланып беріліп отыр. Аға жасына келіп, айналасындағы жастарға тәлім беріп жүрген Абай (ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Н.Өтеуілов) қолымен аспанға көтерілген шар келесі көріністе көкке оның шәкірттерінің қолымен ұшырылса, қойылым соңында балала- ры мен ізбасарларының алақанынан биікке самғайды. Бұл көріністі әр көрермен өзінше пайымдауы мүмкін: бірі – қазақтың ұлы перзентінің


«қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болған» іліміне баласа, екіншісі Абай философиясының ғаламдық маңызын театр тілімен иша- ралау деп ұғуы, ал үшінші бір көрерменнің ең соңғы көрініске қарап, оны Астана төрінде тұрған «Бәйтерек» монументіне ұқсатары сөзсіз.


«Бәйтерек» демекші, біз көрген спектакльде Абайдың рөлін еліміздегі осы атпен танымал болған топтың әншісі Нүркен Өтеуілов сомдады. Нүркеннің бұған дейін сомдаған Қараманын («Қара Қыпшақ Қобыланды»), Шегесін (Қыз Жібек»), Замирін («Үміт»), Скапенін («Скапеннің үйленуі»), Еламанын («Қан мен тер») тамашалаған көзі қарақты көрермен енді дарынды актердің Абайын көріп, оның творчестволық тұлға ретінде өсуіне қуана қол соқты. Ал сол күні


 


премьераға келген, құйқылжыған «Ханшайымның» әуеніне билеп жүрген жасөспірім көрермен сүйікті әншілерін жаңа бір қырынан танып, таңырқап, толқып, сүйсініп отырғандарына куә болдық. Куә болдық та, жас көрерменнің сүйікті әншісі арқылы театр құдіретін та- нып, білгеніне, ал театрдың бұрынғы толқыннан өзгеше, жаңа заман рухында тәрбиеленген көрермені көбейетініне қуандық.


Осы ретте бізде театрдың, өнердің жас тұлғаларын насихаттау жетіспейді-ау деген ой келеді. Әсіресе, көш басындағы ұлылардың өнерін алға апаратын ізбасарларға, бүгінгі күннің өнерпаздарына тиісінше көңіл бөлініп, насихатталуы аса қажет. Мысалы, біз ай- тып отырған, шығармашылық жолы Астана театрында басталған Нүркеннің елордамыздың мәдени өміріне қосқан салмақты үлесі бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. 2002 жылы өткізілген театр фестивалінде ол ойнаған Скапен (Ж.Б.Мольер «Скапеннің үйленуі»)


«Ер адамның ең үздік образы» деп танылды, ал 2008 жылы Еламанның рөлі (Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») оны «Жыл актері» атағына ие етті.


«Бәйтерек» тобындағы әншілік өнері үшін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Бұл – отыздың о жақ бұ жағындағы актер үшін үлкен жетістік, сөзсіз табыс. Енді, міне, өзі өнеріне табынатын ұлы ұстаздары сомдаған дана Абай бейнесін сахнаға алып шықты. Және, біздіңше, өте сәтті шығарды.


Спектакльде сәтті шыққан образдардың бірі – Ерлан Малаев сомдаған Керім образы. Актер дарыны мен іштарлығы текетірескен, біреудің аты озғанын көре алмайтын адамның ара-тұра бой көтеретін ұят сезімін қалай басарын білмей, өз-өзімен арпалысқан күйін өте жақсы бере алған. Спектакль соңындағы бойындағы талантты пасықтық жеңген, байлықты, атақ-даңқты мұрат еткен, өзіндік ұстанымы жоқ тайғанақ Керім шынымен-ақ жирентеді. Көрермен бойында осындай сезімдер тудыра алу – кейіпкер бейнесінің сәтті сомдалуының бір белгісі.


Спектакль туралы маман ретінде емес, қатардағы көрермен ретінде пікір білдіретін болғандықтан өзімізге ерекше әсер еткен бір көрініске тоқтала кеткіміз келеді. Ол – жандарм келіп, Абай кітаптарын ақтарып, өлеңдеріңді тауып бер деп талап ететін тұс. Сол кезде «Менің өлеңдерім



  • елдің аузында, күшің жетсе жинап ал» деген Абай сөздерінен кейін нөпір халықтың Абай өлеңдерін оқып өтуі өте тамаша шыққан. Бұл – Абай поэзиясының халықтық сипатын айқын көрсететін сәтті көрініс. Тіпті бұл трагедия емес, драма болса, спектакльді осылай аяқтауға да болар еді.


Трагедия жанрының каноны бойынша спектакль бас кейіпкердің қазасымен аяқталуға тиіс екендігі белгілі. Бұл жолы да ол ереже


 


бұзылмаған, бірақ көрермен залдан көз жасын сығып, тұншығып жы- лап шықпайды. Оның себебі спектакльде заман зұлымдығынан қажып, достан да, дұшпаннан да көңілі қалып, өлімге бет бұрған Абайға сах- на сыртындағы Аға Абайдың тоқтау салып айтқан сөздері болса ке- рек. Шынтуайтына келсек, Аға Абай қазіргі кезде өзіміз куә болып отырған шындықты, яғни, Абай ілімінің ұлттық шеңберден шығып, бүкіл әлемге тарайтынын, планетарлық мәнге ие болатынын айтты. Сондықтан да көрермен Абайы болған, Абайы бар қазақтың бақытты екендігін сезініп, театрдан кеудесін мақтаныш сезімі кернеп шықты.


 


2009 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу