Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  84


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Соқыр түннің кеспірі...

Соқыр түннің кеспірі,
Үрейлі еді, қаймығам.
Жұлдыздың жоқ ешбірі,
Шықпай қойды Ай да – ылаң.
Бөрі ұлиды жондардан,
Жапан дала жабыққан.
Ессіздіктен оңды арман,
Леп еседі тамұқтан.
Қар борайды ышқынып,
Оппаларға малтықтым.
Танытты бір қыс «қылық»,
Күш көрсету – салты, ұқтым.
Бағытымнан жаңылдым,
Басым сордың далдасы.
Ай – жоқ: қаңғып, сабылдым –
Мұсылманның таңбасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу