Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  198


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды...

Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды,
Қақпа тастардың сумаңдап дөдөгесінде.
Ақшүлен таудан сескеніп, бөгелесің бе?
Ақ-ару бұлттың желкілдер желегі есімде,
Серпілтші бір ұшырып түгелдей шаңды.
Кіл қапастан апаршы шырайға мені,
Жасанып қалсам мөлдіреп қарашықтардай.
Жайтаңдап жүрсем нөпірден дара шыққандай.
Керемет болар, сәулешім, қарашы қандай.
Риза едім жаратқан құдайға тегі.
Айналсам шын мөп-мөлдір тұма-бастауға,
Су ішер келіп киелі киік, бұландар.
Пәктігім сондай періштем, сүйіп, құлаңдар.
Кеудемде бірақ қара шер, күйік күмән бар.
Болмас сірә ал, бұған құлақ аспауға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу