Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  95


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

СЕКСЕУІЛ

Сексеуілдің түбінде бейнесі елдің,
Ізі терең түседі кей кеселдің.
Аңызақтың өтінде аптабы бар,
Ессіз-түссіз етеді кейде сең-мұң.
Иір-қиыр бұтағы – қасіретті,
Қайғыны алып тәңірі бәсіре етті.
Өзгеріс жоқ өңінде содан бері,
Шымқай сұрқай, қаншама ғасыр өтті.
Білеу-білеу тамыры тарамданған,
Шебер құдай ал, бұған сараңданған.
Бір қылтанақ таппассың бұтағынан,
Құмға бауыр басыпты қараң қалған.
Сағым тисіп, сайтаннан жүрсе аумаған,
Шемен-шерің өн бойын құрсаулаған.
Құдіретті Күн де әсер ете алмады,
Ажарынан амалсыз нұр саулаған.
Аянышты бәтірдің күні қандай,
Қайғы жатар кеудесін тіліп алла-ай.
Онысыз да өзегі – өрт, отқа салсаң –
Жанып кетед бейшара күлі қалмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу