Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  76


Автор: Серік Жетпісқалиев

АСЫЛ ДА АСЫЛ ӨЛЕҢІМ

Асыл да асыл өлеңім,
Алғаным сенен көп еді.
Жасымнан қонған өнерім,
Орының дәйім төр еді.
Кеміріп көп ой кемерің,
Кемшін боп, күнгей көрерің
Болса да қайғы қорегің,
Қайыспай қолдап, демедің.
Қонағымыз бір кеменің,
Сүйеніп саған келемін.
Көп айтар алғыс, берерім,
Жасымнан досым,сенерім.
Асыл да асыл өлеңім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу