Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  84


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

КӨБЕЙЕ БЕРСІН МОЛИБДЕН

Молибден фабрикасындағы Байтеміровтың сменасына арнаймын
Үздік шауып жүлде алған,
Айда, аптада, күнде алған.
Отан үшін, ел үшін
Күресте бекіп шыңдалған.
Талай-талай батырлар –
Бізде де сондай батыр бар.
Гармоньға қоссам оларды,
Кәрі таңдай тақылдар.
Соның бірі Шынарбек,
Бәйгеден салмай тұрған кеп.
Тауып қойған атын да,
Болаттай мықты «Шынар» деп.
Бізден сауыт кисін деп,
Қимылдаса Шынарбек
Дос түгіл қас сүйінбек.
Сүйінбеске немене,
Мақтамауға келе ме,
Еңбекте істеп ерлікті
Көрсеткен соң өнеге.
Жырласам оны термелеп,
Гармоньға қосып пернелеп.
Кәрілікке қарамай,
Дауысым шырқап өрлемек.
Көбейе берсін молибден,
Қосылып болат, темірмен.
Әскерлер киіп көк сауыт,
Ұмтылсын жауға сеніммен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу