Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  86


Автор: Сұраған Рахметұлы

Ой түбінде күбірлеп... Жынды қисын...

Ой түбінде күбірлеп... Жынды қисын...
Сан мың жұлдыз кезіп жүр
Түнгі Ми ішін.
Бозамық бұлт ай жүзін
Жасырады
Самал ғана сүйрейді жыңғыл иісін.
Мұз қабатын қақ тіліп
Тамыр ағып.
Сыздың сырын сыртқа айтты ол
Дабыра ғып.
Түйекөлдің жанары түпсіз,
Үнсіз.
Алатаудың аялы шаңырағы
Ық.
Көмейінде байғыздың күй
Кісінеп.
Қилы сурет үрейің, қилы
Үш леп!!!
Мәжнүн талдар мәңгіріп
Сілейеді,
Көксеректің ернінен сүйгісі кеп.
Бұлт бетінен тамады
Алғашқы ұғым
Сол арқылы тастайды жанға
Ұшқынын.
Жұлдыз кешіп қаңғырған
Ес жүзінде:
Қалам жортты ізіндей
Албастының.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу