Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  75


Автор: Кәкімбек Салықов

Сырымды жанға айтпаған айтады өлең...

Сырымды жанға айтпаған айтады өлең,
Тағдырдың қызық сырын байқа менен.
Шабыттың өлең сүйгіш шарты да сол,
Барлығын тудырған жоқ «қалқа» деген.
Елсіз жыр биіктей ме?
Қайда терең?
Өзім деп өмір сырын айта берем.
Егер мен мызғып кетсем жазатайым,
Бір өлең оқу үшін қайта келем.
Жетемін сол қызумен Кеңгіріме,
Қанығам сайын дала кеңдігіне.
О, тағдыр!
Жезкиікті бір көрсетші,
Сүйсініп менің осынау ерлігіме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу