Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  132


Автор: Кәкімбек Салықов

Тойымсыз «капиталист қазақтар-ай»,

Тойымсыз «капиталист қазақтар-ай»,
Көрінген көзімізге қылығы анық.
Көрсетіп жүр ғой олар ғажап талай,
Бар байлықты қалтаға тығып алып.
Өтпей тұр күндер әлі басымыздан
Жүзге бөліп қазақты жіліктеген.
Ат жалында өскен ел заты қызба,
Шоқпар сүйер, үйірген құрықпенен.
Жоқшылыққа табуды сабыр, шыдам,
Көп көрдім өзгелерден жүріп төмен.
Есік қаққан шошимын қайыршыдан,
Көптен ол көрер көзге ілікпеген.
Премьерлер бір-бірлеп кетіп жатыр,
Кейбіреуі жымысқы бүлікпенен.
Тозған ауыл үндемей қалды ақыр,
Қолда аз-маз, жұмыссыз, мүлікпенен.
Діндарлар көп тілеген бізге ақ жол,
Қаптап кетті арабтар, түрікпенен.
Бүлік десек ойлантар ілік тап сол,
Өз бастары ешқашан бірікпеген.
Таң жарық, ерте тұрып арай көрем,
Адуын асау аттай үрікпеген.
Аптықпай келер күнге қарай берем,
Үзілмеген ақ сенім, үмітпенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу