Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  310


Автор: Кәкімбек Салықов

БАҚЫТ ЖЕҢГЕМ

Бақыт жеңгем –
Бәйкен аға тірегі,
Қыз Жібектей Төлегеншіл жүрегі.
Ел ағасын барша қазақ сыйласа,
Жалау болған жеңешемнің тілегі.
Жасыбайдың тазалығы жұғыпты,
Сырымбеттің даналығын ұғыпты.
Жетісуға, Сара апасы секілді,
Көрсетіпті әз жеңгелік ғұрыпты.
Басқан ізін кең ақылмен өлшетті,
Нар тұлғамен ұл-қыз баулып жол шекті.
Жағаласпай Жарлығына Совминнің,
Ханымдарға кемеңгерлік көрсетті.
Бақытты екен Әшімовтер әулеті,
Бақыт жеңгем – сол әулеттің сәулеті.
Үлесі бар менің осы жеңгемнің
Қазағымның мықты болса дәулеті.
Сүйеу болса асыл ару асылға,
Қолдаушысы болды берік қасында.
Жеңгелердің маршалы деп өтермін
Біздер шеккен жиырмасыншы ғасырға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу