Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  89


Автор: Қасымхан Бегманов

Қара қайғы соқ, соққыла жындана...

Қара қайғы соқ,
соққыла жындана,
Маған серiк сен емессiң, мұң-нала.
Ататекке иттей адал ит жылғы,
Менi ойлап алаңдайды бiр бала.
Үнемi оның асыл ойлар-серiгi,
Күйбең күннiң бодауынан жерiдi.
Менi әлi де жатсынатын қалада,
Сол баланың ерiтедi ерiнi...
Құлазыған туған мына үйдiң мен,
Қымбаттығын көкiрегiме түйдiм мен.
Кешiре алсаң,
кешiр апа,
жалғанда,
Сенi, сосын, сол баланы сүйдiм мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу