Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  113


Автор: Мәди Қайыңбаев

ЕРТЕГІ

Күн батып барады... Күн батып,
Ғашық жүректі, асық жүректі жырлатып.
Тыңдатып маған қоштасу күйін
Шилер де басты ызыңға,
Шағылды белді шулатып...
Суырып құмды долы жел есті сайлардан,
Шартабақ Күн де жалқынды нұрын жайды алдан.
Томар байлаған жігердей үнсіз томсарып,
Оқшау қап неге ойланғам...
Тентек жел шөлдің көшпелі құмын сапырды,
Ертектегі ердің рухы бəлкім шақырды,
Мен сонда саған –
Күн астындағы Күнекей қызға, дариға-ай,
Сапарға шықтым ақырғы...
Ой кезіп кетем кей-кезде саяқ далаға,
Махаббатта да, шіркін-ай, тоят бола ма?!
Жаным-ау менің, сен айтшы, осы сапарым
Ертектегідей бақытпен аяқтала ма?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу