Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  211


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

БІРІНШІ МАЙ

Қош келдің құттықтаймын, Бірінші май,
Жүрекке жылы тиіп, көңілге жай.
Жер гүлдеп, ұл мен қызым бүлде оранып,
Шат көңіл, қуанышты жүзі шырай.
Тамаша сауық-сайран барсам қайда,
Сұлу ән, маржандай жыр жанға майда.
Дүбірге шыдамайтын кәрі тарлан,
Қосылып кетті, міне, Шашубай да.
Қай заман мына заман – шаттық заман,
Шаттыққа масайраған барша адам.
Нұр шашып жер жүзіне беріп әсер,
Жұлдызы Кремльдің шұғылаланған.
Қай заман, мына заман - нұрлы заман,
Заманы Лениннің ұлы данам.
Сайратқан қартайғанда тоты құстай
Арналад бүгін тағы жырым саған.
Май келсе жер жүзіне еңбекші тап,
Көрсетіп күш-жігерін түзейді сап.
Келгенде 75-ке көшпен бірге
Мінеки, шықтым мен де туыңды ұстап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу