Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  255


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ҚЫЗЫЛ ӘСКЕР

Біздің Қызыл Армия
Дұшпанның жолын байлаған.
Жаудан сыбыс естілсе,
Бурыл ала бұлттай
Буырқанып қайнаған.
Қынабы алтын көк алмас
Дұшпанға арнап қайраған
Ауыздықпен алысып,
Астында аты ойнаған.
Жарқырап қызыл жұлдызы
Маңдайында жайнаған.
Халықтың батыр ұлдары
Ел қамын ылғи ойлаған.
Шекараны күзетіп,
Ел бақытын қорғаған.
Сүйікті қызыл ерлерін
Жырға қосып Шашубай
Бұлбұлдай тілі сайраған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу