08.06.2022
  154


Автор: Ескен Елубаев

ОМОФОНДАР

(Бiр əрiп өзгерсе, мағынасы да өзгеретiн ұйқастар)
***
Бойлатып құрықты
Тексердiк құдықты.
Суы жоқ құрыпты.
Аршуға құдықты
Ешкiм жоқ құлықты...
***
Мектептен келсе Жанар,
Балтамен ағаш жарар.
Пешке от жағар,
Қамырды илеп, жаяр,
Табаға нан жабар.
***
Есен алып күректi
Жауған қарды күрептi.
Қармен бастап күрестi,
Тазалаумен күн өттi.
***
Қойды сойғызып,
Қанын солғызып.
Iшегiн аршып созғызып,
Етiн қойдық сорғызып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу