Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  102


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Өргек шақта мұнша көлік, мұнша мал...

Өргек шақта мұнша көлік, мұнша мал,
Бізді көктен күннен басқа кім санар?!
Жүзімдік пен мақталықтың шатыры –
Жетісайдың аспанына бір сауал.
– Құранды ерді қылп еткізбес шоқтығы,
Құр жүрсек те білінбейтін тоқтығы.
Жалы артық, қомдағайлы қолтығы,
Жирен аттан басқа досым жоқ күні.
Дерт жаппаса – жас адамға шерменде,
Өлең беті бері қарай бергенде,
Суық тиіп өкпе, қолқа, басыма,
Алматыдан сүйретіліп келгенде.
«Ол – ақын!» деп дауласқанда түрегеп, –
Жазған жыры жас шайырдың міне, – деп, –
Жер бетінде осындай да жан бар», – деп,
Іздеп еді одан басқа кім елеп?!
Хаттар жазып әлемдегі бас қалам,
Ішіндегі газет-журнал баспаған.
Мұңымды елеп іздеп еді кім мені,
Елеп пе еді Әлібектен басқа адам?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу