Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  79


Автор: Ислам Қосжан

Теңіздегі мұнара

Ілессем деп,
Өмірдің ағымына,
(Табиғаттың мән бермей шағымына)
Жердің беті көсеуге жетпегендей,
Суға шықты,
Мұнара тағы мына.
Жерге емес,
Мұнара,
Көресің ба?
Шаншылады Теңіздің денесіне.
Биік тауға жарасқан,
Қара бұлттар,


Түнереді мұнара төбесінде.



Мұнара тұр,
Теңізде,
Жел өтінде,
Теңселеді,
Өмір – Теңіз кемесінде.
Қара мұнай атқылар,
Адырнада,
Қара оқтай мұнара – жебесінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу