Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  215


Автор: Асқарбек Бектемісов

Арман Қуып алпысқа адал жеттің

Айналайын, Асқарбек, Асқарбегім,
Кұтты болсын осынау асқан белің!
Таланыңды кем етіп жаратпапты,
Табаныңды сен алғаш басқан жерің.
Айналайын, Асқарбек, Асқаржаным,
Ағайынның арқасы, аспандадың.
Сөздің құнын көтеріп, қадірледің,
Болғаныңмен адамы басқа арнаның.
Қадалуда сын көзі саған көптің,
Арман қуып алпысқа адал жеттің!
Болдың қазір халықтың бәйтерегі,
Жапырағы емессің тек Назарбектің!
Жасымадың, тағдырдан жасқанбадың,
Төмендеген жоқ әлі тасқан бағың!
Назарыңда еліңнің жазарың да,
Биіктесін әлі де баспалдағың!
Жасымайды жабырқап жаны нұрлы,
Аңғарамын жырыңнан жалыныңды.
Жапырағың көп болсын солмас мәңгі,
Тереңдете бер інім, тамырыңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу