Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  65


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАЙТЫҢДАР АТАҚОНЫСҚА

Қайтыңдар атақонысқа,
Қайтыңдар туған еліңе.
Қозғалып жатыр орыс та,
Қара орман мүкті жеріне.
Азаттық туы қолыңда,
Біріккін, халқым, ертерек.
Бостандық, теңдік жолында,
Ер керек жерге, жер керек.
Қарақан бастың қамы үшін,
Күн кешсек қазақ құриды.
Ұрпақтың азат таңы үшін,
Қалдырма сыртта бір үйді.
Үйірлі қасқыр елемес,
Аюлар айбат шексе де.
Халқым-ау, саның көп емес,
Елге жет «кет» деп тепсе де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу