Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  165


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ ЕР ЖІГІТ

Ешқашан қатынға еркек құл болмайды,
Құл болса елін қорғар ұл болмайды.
Қатынына құл болған ер кіндікте,
Қарабақыр құнындай құн болмайды.
Ақылды әйел күйеуін «пірім» дейді,
Пірі әйелін «періштем, гүлім» дейді.
Жары адалдың шайқалып шаңырағы
Бүлінбейді, түңлігі тілінбейді.
Тектіден ұл туады текті болып,
Құлдан құл, қудан туар епті болып.
Ешқашан күңей менен құл-құтаннан
Тумас ұл өтті болып, бетті болып.
Өзіңнің қабырғаңнан жаратылған,
Жұбайың – жан ашырың дара тұлғаң.
Құл мен күң бір-біріңді санасаңдар
Айырылдың сыйластықтан, жарасымнан,
Айырылдың адамдық көз қарасыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу