Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  112


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚОСТӨБЕ ҚОС ЖҮРЕКТІҢ КУӘСІ ЕДІ

Жері осы Жамбылдағы Қостөбенің,
Жандарын оның барлық дос көремін.
Жасымда бір қызына ғашық болып,
Қайтейін, тоса алмады тос деп едім.
Қайтейін, тоса алмады, тоса алмады,
Тағдырын тағдырыма қоса алмады.
Қостөбе, қос жүректің куәсі едің,
Жеткізген осы сәлем – осы арманды.
Тұсынан өткен сайын Қостөбенің,
Есіме түсер, қалқам, қош дегенің,
Мәңгілік сағынышым болдың енді,
Қайтейін, тоса алмадың, тос деп едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу