Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  91


Автор: Ислам Қосжан

Әбіш тау

Ұлы Абайдың Әбіші – Құнанбайдың Әбіші,
Маңғысатудың Әбіші – бүкіл қазақтың Әбіші.
Отпан тауым –
Дара тау,
Біз білетін Қаратау.
Әбіш көсем – Қаратау,
Әбіш шешен – Маңғыстау.
Дәніспан тау,
Жалған тау,
Маната тау -
Тарлан тау.
Талайға болған мың қыстау!
Әбіш – Өзен...
Маңғыстау.
Әбіш деген –
Аңыз-ау,
Әбіш көреген –
Абыз-ау.
Бір шоқыны атасақ,
Нең кетеді Маңғыстау?!
Биік-биік сатылар...
Әр биіктің атан түйе аты бар.
Қатар тұрса Әбіш тау.
Алау жаққан шоқылар,
Жалау таққан осылар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу