Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  138


Автор: Ислам Қосжан

Мықтылық

Адамға берген сана,
Өрісті кең,
Бәріне бірдей ортақ,
Жер үсті кең.
Түбінде осал болмас,
Жастайынан,
Үлкеннен «таудай болды» көп естіген.
Ешкім де төбесімен көк тіремес,
Биікке біреу демеп жеттім демес.
Биікке шықтым енді дегендердің,
Шетінен бәрі бірдей мықты емес.
Тағдыр ма?
Алға сүйреп жетелеген,
Жраспас ноқталанып кете берген.
Биікте жүргендердің осалы жоқ,
Шын мықты,
Құлап тұрып көтерілген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу