Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  85


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖҮЙРІК МІНІП, ЖЕЛ БОРАТЫП ЖАЛЫНА

Жүйрік мініп, жел боратып жалына,
Шойын басты шоқпар іліп қарына.
Құлан қуып, құмай ертіп, құс салған,
Тарттым ба мен, тарттым ба мен қаныма?
Сауыс-сауыс сақал-мұртқа мұз қатып,
Құла түзде киімімді құрғатып.
Барып-барып батар күнмен бір батып,
Жорттым ба мен, жорттым ба мен түн қатып.
Тоз-тоз болып сары тоң мен саптама,
Ақ малтаны азық етіп аптаға.
Махамбеттей
Жырмен жапан даланы,
Жаңғыртқам жоқ, жаңғыртқам жоқ, мақтама.
Бірақ достым, ер мінезін бабамның,
Ұрпағы мен өз бойымнан табамын.
Елім деген Исатайдай ері мен,
Махамбеті жоғалмайды даламның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу