Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  197


Автор: Асхат ҚҰРАЛБАЕВ

Қош...

Қош!
Алатаудың ақ құзы
Басынан қар кетпейтін.
Қош!
Алатаудың ақ қызы
Жалғанда жан жетпейтін!
Қош!
Көктөбенің ақ түні
Көгінен əн кетпейтін.
Қош!
Көктөбенің ақ гүлі
Мен сүйіп, мəңгі өбпейтін!
Қош!
Алматының ақ таңы
Шуағынан қайың қуат жинаған.
Қош!
Алматының мақпалы
Маған мұң мен уайым ғана сыйлаған!
 
Қош!
Алматының салқын күзі
Жалғыз келгендерді жылытпайтын.
Қош!
Алматының алтын қызы
Мендік жүрек мəңгіге ұмытпайтын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу