Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  89


Автор: Асхат РАЙҚҰЛ

Мен жылайын...

Мен жылайын,
Сен жыламашы!
Жанарың жасқа бергісіз!
Себебін менен сұрамашы,
Шерлі кеудемде өлді сыз.
Мен сүйемін,
Сен сүймей-ақ қой.
Сүйкімім де жоқ бəрібір.
Еркіме менің иімей-ақ қой,
Тағдырым...
Мұңды тағдырым.
 Мен күле алмаймын,
Күліп жүр еркем.
Күліп жүр, күлкің əдемі!
Риясыз ғана күлкіңде көркем,
Ұлы мейірім бар еді.
Сен – Гүлсің,
Мен – қара түнекпін,
Қабағын қайғы матаған.
Сен – Күнсің, арайы Көктің!
Өмірге Сенен от алам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу