Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  192


Автор: Төлеубай Ермекбаев

ҚЫРҒЫЗ ҚЫЗЫ ЖАНҰЯ

Ақ қалпақты қырғызымның бір қызы,
Қазағымның гүліндейсің қырмызы.
Қара түнде шұғыласын шашатын,
Жұлдыздайсың жарқыраған нұрлы ізі.
Ақ тілекті арнап жүрсің ағаңа,
Мен теңізбін! Сен – ақ қанат шағала!
Ақ қанатты шағаланы көруге,
Толқындарым асығады жағаға.
Есімің де бөлек сенің – Жанұя,
Жыр шумағым қылсын оны жария.
Ақ қанатты шағалаға арналған,
Кеудемдегі жыр толқыны – дария.
Қазағымның бір бауыры – қырғызы,
Қыр гүліндей қыздары бар қырмызы.
Жанұя ару сол қыздардың ішінде,
Шолпандай боп жарқыраған жұлдызы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу