Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  117


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҰСТАЗ

1.
Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын,
Сол секілді білсем деймін өмірді,
Оған ұқсап тұрса деймін əр ісім.
Жасай қалсам біреулерге жақсылық,
Жүзеге асса асыл арман, жақсы үміт.
Соның бəрі – аманаты ұстаздың,
Нық сеніммен кеткен бізге тапсырып.
2.
Дəрігер де, ғалым да,
Елге əйгілі дарын да,
Ел басқарған əкім де
Титтей тамшы секілді
Мұғалімнің жанында.
Ұстазының сиясы
Ақындардың қанында.
Туған жерде нық тұрып,
Елдік мəнін ұқтырып,
Бар ғұмырын сарп етсе,
Міне, нағыз мықтылық!
Қол соғайық, ендеше,
Ұстаздарға тік тұрып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу