Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  83


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ДЕКАБРЬ ДЕМІ – ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ

Декабрьдің демі емес, Желтоқсанның желі бұл,
Жазықсыз құрбан болған мен жазаланғандар шері бұл.
Қайратты қазақ қанымен, қарындастың көз жасымен,
Тəуелсіздігін танытқан киелі қазақ елі бұл!
Шаңырақтан көрген аспандай елтаңба тұрса мөлдіреп,
Көсегең сенің көгеріп, көк туың тұрсын желбіреп.
Аман бол, халқым!
Аяқтап қиындық толы ғасырды,
Жетейік жаңа заманға азаттық толық келді деп.
Бүгінгі көрген қуаныш – кешегі сенің көз жасың,
Бұзылмай жатқан сеңдерді сатыр да күтір қозғасын,
Күдіктің шоғы тұтанбай, үміттің оты маздасын,
Қасиетті жерім тозбасын, ұрпағың енді азбасын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу