Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  90


Автор: Ақылбек Шаяхмет

КҮЗГІ ҚАЙЫҢ

Қайың əппақ, жапырағы жоқ, бірақ,
Түсірген ғой адуын жел соққылап.
Жапырақтар умаждалып қағаздай,
Сарғайыпты маңайдағы көк құрақ.
Бірақ, күннің күйдірсе де жалыны,
Сарғаймапты ақ қайыңның қабығы.
Сыдырылып қалған жері болса да,
Өзгермепті ең алғашқы қалыбы.
Жолаушылар сындырып ап бұтақтан,
Жылынам деп ошақ отын тұтатқан.
Ағаштардың селдіреген қатары,
Күз бе, адам ба бұл орманды жұтатқан?!
Жаз қызығын көп көрген соң сен енді
Қайың жайлы жазасың ба өлеңді?
Қайың көркі жүрегімді жылытты,
Күзгі суық қалтыратты денемді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу