Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  114


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТАБИҒАТ

Жел бұтаны
ырғап-ырғап, бітті ырғап,
шөп сылдыры құрғақ, құрғақ, құп-құрғақ.
Желдің еркі болса – Жердің бар түгін
бұлтқа ұсатып әлдақайда ықтырмақ.
Жапырақтар қызыл құлақ, сары құлақ
түседі өліп бір бұтадан қарғыды-ақ
Жапырақтар қызыл ала, сары ала
бұталардың саусақтары ұшынан
қанатсыз-ақ қарғып ұшып бара ма!
Әрі кедей, ағаштар тұр, мас әрі,
мас кедей де жомарттықтар жасады.
– Ей, есірік еркектер-ай!– деді әйел,–
қолдарына ақша түссе – шашады!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу