02.06.2022
  157


Автор: Ескен Елубаев

ҚАҚ СУЫ

Жаңбыр жауды...
Қақ тұрды...
«Iшпе оны, лай су», – деп,
Сиырға тас лақтырды,
Бiр қыз: «Таза бар су», – деп...
Қызды қостап, бұйырдым:
«Айдап əкет, дұрыс», – деп.
Лай су iшкен сиырдың
Сүтiн сауып
Кiм iшпек?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу