02.06.2022
  229


Автор: Ескен Елубаев

ТУҒАН КҮН

Туған күндер мынадай
Көктемде көп неткен де.
Бестi,
Дөнен,
Құнан,
Тай...
Туған бəрi көктемде.
Тоқты,
Тана,
Тайлақ жүр...
Шыбын, балық, құс та, аң...
Туған күнiн тойлап жүр,
Құшақтап гүл ұстаған...
Қандай жақсы бұлар кiл
Туғандары көктемде.


Əйтпесе ғой, сыйлар гүл
Бас-басына жеткен бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу