02.06.2022
  112


Автор: Ескен Елубаев

ДЕМАЛЫС КҮНI

Жексенбi де кеп жеттi,
Əр демалыс сайын бiз
Өзiмiзге мiндеттi
Iстi iстеуге дайынбыз.
Таңертеңнен базарлап,
Мен ғой –
Азық iздейтiн.
Қызым –
Үйде тазалап,
Мамасы –
Ас iстейтiн.
Ұлдың –
айтсам жұмысын,
Əдетiнше талайғы,
Отырып ап күн ұзын
Телевизор қарайды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу