Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  96


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қонақ жайлы

Ей, бауырым,
шабынды болмай тым енді,
Қой соятындай қонағың сонша кім еді?!
Аттанған соң ет жейтіндер қадақтап:
Малшылар есеп білмейді – десіп күледі.
Ей, бауырым, қонағың неткен көп еді
Келін де барын алдына үйіп-төгеді.
Кекірініп алып, ас қадірін білместер,
Қымызыңды саумал екен деп сөгеді.
Меккедей маған қасиетті мына баспанаң,
Тарихтан бері жабылмай келеді «асханаң».
Қазақи дəстүрмен жүрген де жақсы шашылып,
Шот соғуды да үйрену керек басқадан.
Келгендерге құрметің жетсін, жетпесін.
Ниетің мынау:
«Белдеуден аты кетпесін».
Бірақ та бауыр, қонақтарыңа айта жүр,
Қаланың салтын сөксе де,
даланың салтын сөкпесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу