Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  326


Автор: Мақсат Әлсейітов

Қолын бұлғап күйеу мен ақ келінге...

Қолын бұлғап күйеу мен ақ келінге,
Ертеңіміз күтеді күлім қаға.
Сол күндерге асыққан сәттерім де,
Сыйынамын Жүсіп пен Зылихаға.
Мүсіркерсің, аярсың мүмкін мені,
Қаламассың, маған Мәжнүн атануды.
Азып-тозып кеттім мен бұл күндері,
Иегіме қаулатып сақалымды.
Сақал өссе, ылайым, өсе берсін,
Өскенменен қалмаспын кәрі болып,
Ал жүректі айтпай-ақ түсінерсің,
Емде мені шипалы дәрі болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу