Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  156


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Кітаптан ғана...

Кітаптан ғана...
Сімірер шырынды,
Сіңірер жырынды болмысқа;
Ұмыттырды да қамшы-бұрымды,
Əуезді бұрынғы –
Жол нұсқар;
Теледидарға –
Экранға тоғыттық,
Дірілсіз,
Гүлдер мен құстарсыз;
Қатыгез,
Қанға қақалған соғысты.
Түйсікке төккізіп құштарсыз;
Төсектің тəтті,
Жасырын сырынан,
Көрпені лақтырып тастадық;
Есігін теуіп...
Ендік те ұрына,
Кіршіксіз тұнықты ластадық;
Жасанды бəрі,
Жарнама ілгендей,
Əсіре даңғаза шыңғырған;
Фонограммалар санаңды тілгендей,
Құлықсыз құлақты тұндырған;
...Аяғы ойлап,
Басы билеген,
Бейбастақ – осы ...
Илеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу