Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  93


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Пəк пейіл періште ме...

Пəк пейіл періште ме,
Перісің бе,
Сұраншақ сүмелек пе,
Серісің бе,
Бəрібір:
Жақсымысың,
Бақсымысың –
Бұл өмір өкініштің өрісіндей.
Арманың қанатыңды талдырады,
Бəз біреу көңіліңді қалдырады.
Жақының жан жарасын көрмеген соң,
Сенімнің сола берер бал құрағы.
Орманын ойың кезіп,
Қаңғырады,
Ізгілік тек санаңда жаңғырады.
Сыңарын сыңсый іздеп жалғыз қаздай,
Сезімің ұзақ таңды таңға ұрады.
Шоқ-тағы үрлемесе –
Өшеді екен,
Жана алмай…
Келсең-дағы нешеге сен.
Алтыны атар таңның адастырып,
Күмісі самайыңа көшеді екен.
Əріптес əлденеге күлімдейді,
Сөзі-жөн,
Тек ақ ниет білінбейді…
Жүректің жəудіреген жанарына,
Сауаптың сорабы да ілінбейді.
Танысың тіршілігін тізбелейді,
Қонысын көңіліңнің іздемейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу