31.05.2022
  91


Автор: Ескен Елубаев

ҚАПШАҒАЙДА

Үйренем деп малтуды,
Мен уəде бергенмiн.
Атақ-даңқы айтулы
Қапшағайға келгенмiн.
– Ең оңайы емес пе?
Сүңгу деген, тəйiрi? –
Деп қалыппын мен «еспе»,
Бiлмей анық байыбын.
– Ал қараңдар, əзiрлен,
Сағаттарың болса егер,
Сүңгиiн бiр, қазiр мен
Сүңгiр екем қанша жер?
Мөлдiр суға балықша
Жүзiп кету – арманым.
Жүгiрiп кеп барынша
Сүңгiп келiп қалғаным.
Бiтiп қалды құлақ та,
Сүңгiдiм бе өндiртiп.
Ұзадым деп жыраққа,
Шыға келдiм дем бiтiп.
Мəз болып тұр ел күлiп,
Қимай маған мақтауын:
– Тұрды, – дейдi, – көрiнiп
Су бетiнде арт жағың.
Қатырдым деп санасам,
Болыппын мен келеке.
Жаға жаққа қарасам,
Ұзамаппын мен өте...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу