Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  104


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Той болады

Ақ жібек тұман бүркеп қарсы бетті,
Ақ жаңбыр жайлау төсін аршып өтті.
«Той болады, бір үлкен той болады!»
Шақырып елді тегіс жаршы кетті.
Тұлпардың тұяғына шаң жұға ма,
Сыланып шыға кепті таңғы дала.
Ал кеттік, жорғаңды мін, барыңды ки,
Əн сайла, домбыраңды қанжығала.
Кет, Ақтөс, не бар саған, ой, жасаған,
Қойға ермей, керек болды-ау той да саған.
Қара əжем күйбең-күйбең киінеді,
Жарықтық бүгін ол да «бой жасаған».
Қызыққа қыран дала үздігуде,
Кім үйде отыра алар ізгі күнде.
Сексендер селк-селк етіп ат ерттетті,
Сегіздер жүйріктердің тізгінінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу