Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  202


Автор: Марат Нұрқалиев

Жетіген

«Қаратаудың басынан көш ауғанда...»,
Жау қолынан сел болып оқ жауғанда,
Бір атаның жеті бірдей ұланы
Жер құшыпты басын имей жауларға.
Ерлер солай мерт болады елін сүйген,
Жерін сүйген, орманын, көлін сүйген...
...Бір шанаққа ішек тағып жеті түрлі,
Шерменде қарт шертіпті шерін күймен.
«Жас келеді мөлтілдеп қара көзге...»
Қазір мұның бәрі аңыз, заман өзге.
Жеті ұланға қойылған жеті белгі –
Жеті ішекті Жетіген жетті бізге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу