Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  106


Автор: Марат Нұрқалиев

Платформаңнан айналдым!

Ән үшін әуелі
Әсем ырғақ керек,
Ал сөз жағын ақын ағайындар
Аузыңды ашып-жұмғанша
Аңыратып жырлап береді,
Қазіргі әндердің
Тақырыбы ортақ боп жүр,
Тым терең тақырыпқа
Композиторларымыз шорқақ боп жүр.
Біз де олардан қалыспаймыз,
Яки, махаббаттан асып,
Саясатқа барыспаймыз.
Таптаурын болған соқпақпен
Салып береміз,
Сөйтіп мынадай әнді
Өмірге алып келеміз:
...«Өзіңсің – өмірім, арманым.
Бір ауыз хат-хабар салмадың.
Қаладан, даладан іздедім,
Шарқ ұрып, «қайдалап» зарладым!
...«Паң көйлек, қара бешпет қалды кейін,
Сән берген сымбатыңа джинсі дейін.
Алыстан автобуспен келгенімде
Алдымнан звандатпай келші деймін!»
...«Артық туған Қорланнан,
Айналдым платформаңнан!»
...Көрдіңіз бе,
Ән үшін
Әуелі әсем ырғақ керек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу